Error message

Warning: array_key_exists() expects parameter 2 to be array, null given in theme_image_formatter() (line 605 of /home/admin/web/lib.ukgfa.kz/public_html/modules/image/image.field.inc).

Құттықтау

 

Құрметті Раушан Исқаққызы

Ұлан асыр ұлыларда той бүгін 

Бөленуде ағайында ой бүгін

Қос қуаныш, туған күні елу жас 

Денсаулықпен берген Аллам байлығын

Елу келді белдің биік ортасы

Жастық шақтың артта қалды жартысы

Үлкендіктің түңілігі түрулі

Кәріліктік жақындайды қартасы

Елу ашты елге дара,дана етіп 

Кішілерге ақылшы етіп, пана етіп

Ер ағасы, ел анасы болыңдар

Орта белде жаңа күндей таң атып

Елу болсын, құт мереке еңселі 

Сыйлы болып, сыйлап жүрсін ел сені

Жүз жас ғұмыр, тілегіміз сіздерге 

Қосағыңмен қос ағарып, бол теңі 

Құтты болсын, құтты  күннің меншікті

Елу жаста, бел асудан күн шықты 

Бақытты күн, бақытты етсін мәңгіге 

От басында, бақыт болсын ең мықты 

 


Құрметті Еркежан Әзімханқызы!

Ұжымым деп бәйек болып жүрерсіз,

Татулыққа, ырзалыққа дәйек болып жүресіз.

Жұмысымыз оңға басса, көтеріліп көңіліңіз,

Бал-бұл жайнап, шаттанып бір күлесіз!

Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос - жолдастарыңызға қадірлі де  сыйлы болуды тілейміз! Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз

жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық – қуанышыңыз мол болсын!

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,

Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!

Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,

Арта берсін абырой – беделіңіз!  

Елу жас — енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Биікте болсын әркез жұлдызың деп,
Тілейміз біз әріптесіміз Еркежанға!

Мәліметтер базасы

Біз әлеуметтік желідеміз

Бізбен байланысыңыз

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Кітапханалық – ақпараттық орталығы

Мекен-жайы: Шымкент.қ, Аль-Фараби, даң. 1.

Тел: 40-82-22 (5119) 

E-mail: bitc.kz@mail.ru

Education - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.