Error message

Warning: array_key_exists() expects parameter 2 to be array, null given in theme_image_formatter() (line 605 of /home/admin/web/lib.ukgfa.kz/public_html/modules/image/image.field.inc).

Қолдану ережесі

Жалпы ережелер

    • ОҚМА кітапхана-ақпараттық орталығын (ары қарай кітапхана) пайдалану ережесі ҚР «Білім туралы» заңына (27.07.2007ж. №319-Ш), ҚР МЖМБС 5.03.010-2006 «Қазақстан республикасының білім беру жүйесі. Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры», «ОҚМА кітапхана-ақпараттық орталығы туралы ережесіне» сәйкес әзірленген.
    • Ереже оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, кітапхана мен оқырмандардың (пайдаланушылардың) құқығы мен міндеттерін реттейді.

2. Оқырмандардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері

    • Оқырман (пайдаланушылар) студенттер, оқушылар, магистрлер, профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, академия қызметкерлері кітапханалық-ақпараттық қызметтердің негізгі түрлерін тегін пайдалануға құқығы бар:
  • каталогтар мен картотекалар жүйесі және кітапханалық ақпараттандырудың басқа түрлері арқылы кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат алуға;
  • кітапхана қорынан оқу залдары мен абонементтерде кез келген басылымдар мен құжаттарды уақытша қолдануға алуға;
  • баспа туындылары мен басқа құжатттарды іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;
  • әдебиеттерді пайдалану мерзімін белгіленген тәртіппен ұзартуға;
  • ақпараттық мәдениетті, кітапхананы өз бетімен пайдалну дағдысын меңгеру, сонымен қатар ақпаратты автоматтандырылған режімде іздеу бойынша кеңес алуға;
  • кітапхана өткізетін шараларға қатысуға;
    • Академия студенті немесе қызметкері болып табылмайтын оқырмандарға оқу залдарында жеке куәліктері болған жағдайда қызмет көрсету құқығы беріледі.
    • Оқырмандар міндетті:
  • кітапхана қорынан алынған кітаптарға, басқа баспа туындыларына, электронды басылымдар мен өзге материалдарға ұқыппен қарауға;
  • оларды белгіленген мерзімде қайтаруға;
  • оларды кітапханадан, егер олар оқырман формулярында немесе басқа тіркелу құжаттарында жазылмаса, алып шықпауға;
  • оларға ешқандай белгілер, сызулар түсірмеуге, парақтарын жыртпауға және бүктемеуге,құжаттардағы штрих-кодтарды бүлдіірмеуге;
  • электрондық ақпарат көздерін пайдалану ережелерін ұстануға;
  • каталогтар мен картотекалардан кәртішкелерді шығармауға;
  • кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіпті сақтауға;
  • кітапхана аумағында ұялы телефонда қолданбауға.
    • Кітаптарды, баспа туындылары мен өзге материалдарды алу кезінде оқырмандар оларды мұқият қарап шығып, ақауы болса кітапханашыны хабардар етуі қажет, олай болмаған жағдайда кітапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.
    • Оқырмандардың оқырман билетін басқа адамға беруге, сонымен қатар басқа біреудің оқырман билетін қолдануға құқығы жоқ. Бұл ережені бұзған жағдайда оқырман екі айға дейін кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады. Оқырман билетін жоғалтқан жағдайда көшірмесі тек бір рет қана беріледі.
    • Жыл сайын оқу жылының басында оқырмандар оларға жазылған әдебиеттің бәрін көрсетумен, қайта тіркеуден өтуі тиіс.
    • Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді. Академиядан кетерде оқырман өзіне жазылған басылымдарды қайтаруға, кітапхана-ақпараттық орталығының барлық бөлімдерінде тексеру қағазын толтыруға және оқырман билетін тапсыруға міндетті.
    • Оқырмандардың жауапкершілігі:
  • Пайдалану ережесін бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданыстағы заңнамамен, жарғымен және кітапхананы пайдалану ережесімен белгіленген формада әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
  • Басылымды жоғалтқан немесе байқаусыз зиян келтірген оқырман­дар оларды дәл осындай басылыммен немесе оның көшiрмесiмен, немесе кiтапхана соған тең деп тапқан басылыммен ауыстыруға, ал ауыстыра алмаған жаrдайда басылымның нақты нарықтық  құнын төлеуге міндетті.

3. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері 

    • Кітапхана-ақпараттық орталығы өз қызметінде 2.1 және 2.2 пунктерінде орнатылған оқырмандардың құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
    • Кітапхана ОҚМА кітапхана-ақпараттық орталығы мен КАО пайдалану ережесіне сәйкес оқырманға қызмет көрсетеді.
    • Кітапхана мынаған міндетті:
  • кітапхана қоры мен ақпараттық ресурстарды академия бағдары мен пайдаланушылар сұранымына сәйкес жинақтауға;
  • оқырмандарға көрсетiлетiн барлық қызмет түрлері жөнiнде хабарлап отырyға;
  • оқырмандардың кiтапхананың барлық қорын және электрондық ресурстарын пайдалануына мүмкiндiк беруге;
  • өз қоры, электрондық ресурстары мен көрсетілетін  қызметтерін насихаттауға;
  • компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметін көрсетуді  жетілдіруге;
  • оқырмандарға қажетті басылымдарды, құжаттарды және электрондық ресурстардытаңдауда көмек көрсетуде;
  • кітапханалық-библиографиялық білім негіздері бойынша сабақ жүргізуге және ақпараттық-библиографиялық мәдениет негіздері бойынша кеңес беруге;
  • оқырмандарға каталогтарды, картотекаларды және басқа да мәлімет беру түрлерін пайдалануға беруге;
  • кітап көрмелерін, библиографиялық шолуларды, ақпарат және кафедра күндерін, басқа да шараларды ұйымдастыруға;
  • кiтапханада оқырмандардың жұмыс iстey үшiн қолайлы жағдай жасаyға.
    • Кітапхана мынаған құқылы:
  • берілген басылымдар мен басқа материалдардың кітапханаға қайтарылуына үнемі бақылау жүргізуге;
  • академия әкімшілігіне кітапхананың құжаттары мен материалдарын пайдаланудың негізгі талаптарын бұзған оқырмандар туралы мәлімет беруге;
  • академияның студенттермен жұмыс жүргізуге жауапты бөлімшелерінің басшыларынан (деканаттар, тіркеу офисі) студенттерге кітапханаға қарыздарын жоюға міндет жүктеуді талап етуге.

4. Оқырмандарды (пайдаланушыларды) кітапханаға жазу тәртібі

    • Кітапханаға жазылу үшін оқырмандар жеке куәліктерін, 3х4 екі фотосуретін көрсетуге міндетті. Оқырмандарды жазу былайша жүргізіледі:
  • бірінші курс студенттерін академияға қабылдау туралы ректордың бұйрығы, ал келесі курс студенттерін деканаттар тізімі бойынша;
  • профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді академияда жұмыс істейтіні туралы кадр бөлімінің анықтамасы бойынша. Осының негізінде оқырман формуляры толтырылады және оқырманға кітапхананы пайдалану құқығын иемденетін бірыңғай оқырман билеті беріледі.
    • Кітапхана оқырмандары оларды тіркеу пунктіндегі (оқулықтар абонементінде) «Оқулықтар» мәліметтер базасына енгізіледі.
    • Кiтапханаға жазылар кезде оқырмандар кітапхана-ақпараттық орталығын пайдалану ережелерімен танысып, оларды орындау жөніндегі  міндеттемесін оқырман формулярына қол қоюмен растауы тиiс.

5. Оқу залдарын пайдалану ережесi

    • Оқу залында әдебиетке тапсырыс берерде оқырмандар оқырман билетiн көрсетедi және қажетті басылымдарды алған соң әрбiр басылымның  кiтап формулярына және бақылау талонына қол қояды. Кітап формуляры мен бақылау талоны оқырманға кітаптардың, электрондық басылымдар мен басқа да материалдардың берілген күнін растайтынқұжаттар болып табылады.
    • Оқу залдарында берiлетiн кiтаптар, басқа баспа туындылары мен басқа материалдар саны шектеусiз. Бiр мезгiлде жоғары сұраным болған жағдайда берiлетiн даналар саны шектелуi мүмкiн.
    • Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар, ағымдағы мерзімді  басылымдар, сирек кездесетiн әpi құнды кiтаптар мен басылымдар тек оқу залдарында жұмыс iстey үшiн берiледi.
    • Мерзімді басылымдар материалдардың көшірмесін түсіру оқырмандарға тек жеке куәлігі болған жағдайда беріледі.
    • Оқу залдарына жеке және кiтапхана кiтаптарымен, газет­-журналдарымен, баспасөз басылымдарының қиындыларымен және басқа да баспа материалдарымен кipyгe рұқсат етiлмейдi.
    • Әдебиеттi оқу залынан шығарyға тыйым салынады. Осы ереженi бұзған  жағдайда оқырмандар жарты жылға кiтап­хананы пайдалану құқығынан айырылады.
    • Оқулықтар абонементінде қайта тіркеуден өтпеген және әдебиеттерді тапсырмаған қарыз оқырмандарға оқу залдарында қызмет көрсетілмейді.

6. Абонементгi пайдалану ережесi

    • Абонементтерде әдебиеттерге тапсырыс беру үшін оқырмандар оқырман билетін көрсетеді және басылымдарды алу кезінде кітап формулярына қол қояды.
    • Әдебиеттерді пайдалану мерзімі:
  • студенттерге оқулықтар абонементінде оқу жоспарымен белгіленген мөлшермен оқулықтар жиынтығы – бір семестрге;
  • профессор-оқытушылар құрамына – бір семестрге;
  • көркем әдебиет абонементінде – 5 кітаптан бір айға беріледі.
    • Соңғы және бiр ғана даналы басылым үйге берілмейді.

Оқырмандар үйге алған кiтаптарды және басқа да  материалдарды пайдалану мерзiмiн басқа оқырмандардан сұраным болмаған жағдайда ұзарта алады.

Мәліметтер базасы

Біз әлеуметтік желідеміз

Бізбен байланысыңыз

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Кітапханалық – ақпараттық орталығы

Мекен-жайы: Шымкент.қ, Аль-Фараби, даң. 1.

Тел: 40-82-22 (5119) 

E-mail: bitc.kz@mail.ru

Education - This is a contributing Drupal Theme
Design by WeebPal.